Садовка ауылына су келді

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Садовка ауылында кеше су құдығы іске қосылды. Үңгірдің тереңдігі – 60 метр, деп хабарлайды "Қазақпарат" агенттігі. Облыстық бюджеттен бұл шаруаға 7,5 миллион теңге жұмсалды. Құрылысты "БВС" компаниясы атқарды. Мұндай құдықтар биіл Солтүстік Қазақстан облысының Южное, Аманкелді және Майбалық ауылдарында да салынбақ.