НАТО-ның жаңадан тағайындалған бас хатшысы Джаап де Хуп Шефер дүйсенбі күні АҚШ пен Европаның өзара одақтастық байланыста болуын қалайтындығын айтты.

Оның пікірінше, Ирақ соғысы төңірегіндегі дау-дамайдан соң, АҚШ пен Европа байланыстары бойынша атқарылар іс сан алуан. 19 мүшелі Солтүстік Атлантикалық одақтың басшысы Джордж Робертсонның орнына Голландияның бұрыңғы сыртқы істер министрі Шефер 4 жылдық мерзімге қызметке келді.