Астанада, Қыркүйектің 23і күні, Қазақстан Бас Прокурорының орынбасары Жөкенов, İшкі істер министрінің 1-ші орынбасары Симачев және İшкі істер министрінің орынбасары Мерзадиновтың қатысуымен жедел кеңес өткізілген.
Онда қасақана кісі өлтірудің ашылуы жөніндегі жұмыстарды жандандыру мәселесі қаралды.
Ағымдағы жылдың 8 айы ішінде тіркелген 1297 қасақана кісі өлтіру мен қастандықтың 84 пайызы ашылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.