Әлемдік ұлттық діндер сьезі өтуде

Бүгін сәрсенбіде Қазақстан астанасында өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі ұлттық діндер сьезді өз жұмысын одан әрі жалғастырады. Президент Назарбаев өз резиденциясында түрлі конфессиялардың діни басшыларымен кездеседі. Астанада өтіп жатқан сьезге Ресей президенті Владимир Путин Арнайы құттықтау жолдап, бұл форум өз алдына аса маңызды және ерекше қажетті міндеттер қойып отырғандығын атап көрсеткен.