Ол қонақ үйде Құрама Штаттарының бір телеарнасы тобы жайғасқан екен. NBC теле арнасы өкілдерінің айтуынша, бір дыбыс операторы жарылыстан ұшқан шыны жарықшағынан жараланған. АҚШ әскерлері Тикрит қаласында бірнеше рейдтер жүргізді. Оның барысында олар күдікке ілінген екі адамды тұтқындаған. Ирақ кеңесіндегі үш әйелдің бірі, бұдан бұрын ауыр жарақаттанған Ақуйла әл-Хашеми бүгін қаза болды. Ол-ертең жерленбекші. Әлемдік саясаткерлерді бұл өлім қатты өкіндірді.