АҚШ әскерилері Фаллужа қаласында екі адамды өлтіріп, төрт адамды жарақаттаған атысты тергеп-тексеруге кірістік деген.

Америка подполковнигі Джорж Кривоның айтуынша: - Жабық машинадан көліктердің қозғалысын басқаратын бекетке оқ атылды. Коалиция солдаттары оған жауап берді де, екі адам қаза тауып, төрт адам жараланды. Тергеу барысы бізді қалған жайттардан хабардар ететін болады, - деген. Тұрғындардың айтуынша төрт адам өлген. Бағдадта Әл-Рашид қонақ үйіне реактивті зымырандар жіберілген. Онда америка солдаттары мен бейбіт тұрғындар болған, құрбан болғандар туралы хабарлар түспеген. Ал бұл уақытта Америкада тағы да 1,500 дей адам Ирақта әскери қызмет етуге дайындалып жатқаны жөнінде айтылған.