Шығыс Қазақстан облысында сенбінің соңына қарай күші 1-2 бал болатын және жексенбіге қараған түні сағат 2-де қуаты 2-3 балға дейін өскен жер сілкінісі бірннеше дүркін қайталанды.

ӨСКЕМЕН: Шығыс Қазақстан облысынан Қазақ ақпарат агентігінің хабарлауынша, сенбідегі 4 балдық жер қозғалысынан соң, сенбінің соңына қарай күші 1-2 бал болатын және жексенбіге қараған түні сағат 2-де қуаты 2-3 балға дейін өскен бірнеше дүркін жер сілкінісі тіркелді. Төтенше жағдайлар жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық басқармасының ақпарына сәйкес, адам өлімі жоқ, бірақ Зайсан, Зырян және Күршім аудандарындағы тұрғын үй, ғимараттарға болар-болмас нұқсан келген: терезелердің шынылары сынып, сылақтары шытынап түскен. Төтенше жағдайлар басқармасының шұғыл кезекшісі атап көрсеткендей, жер асты қозғалысының тағы қайталануы әбден мүмкін, зілзаланың қашан және қандай күшпен қайталануын ешкім болжай алмайды.