Мәскеуде Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бес күндік басқосу басталды.

Ауаны ластайтын газ көлемін қысқарту жөніндегі Киото келісіміне қол қоюға Ресей мәжбүрленіп отыр. Жердегі климатқа тікелей әсер ететін улы газдарды көп бөлуші елдердің бұл келісімге қол қоюы шарт. Ол келісімге бұған дейін ауаны 44 пайыз көлемде ластаушы елдер қол қойған болатын. 2001-ші жылы аталған келісімге қол қоюдан АҚШ ел басы Джордж Буш бас тартқан еді.