Чехия, Польша, Мажарстан және Словакия - Европа Одағының болашақ мүшелері ретіндегі өз құқықтарын табанды түрде қорғамақ және келісімпаздыққа бармайды.

ПРАГА: Чехия, Польша, Мажарстан және Словакия - Европа Одағының болашақ мүшелері ретіндегі өз құқықтарын табанды түрде қорғамақ және еш келісімпаздыққа бармайды. “Вышеһрад төрттігі” деп аталатын топқа кіретін елдердің жетекшілері Чехиядағы бас қосуынан кейін осындай мәлімдеме жасады. Ол бас қосуда ЕвроОдақ конституциясының жобасы талданып, ЕвроОдақтың болашақ мүшелері әлгі жобада өздерінің құқылары шектелген деп есептеп, Одаққа мүше шағын елдер мен ірі елдердің мәртебелерін теңестіруді талап етті. Конституция жобасына сәйкес, шешім бүкіл Одақ халқының 60 пайызын құрайтын елдердің көпшілік дауысымен қабылданады.