Ирақта бүгін тағы да америка әскеріне шабуылдар болды.

Бағдад теріскейінде зымыран шабуылынан бір американдық солдат опат болды. Кеше кешкісін бір солдат жарақаттанған. Ал, кеше кешкісін Саддам Хұсейннің туған қаласы Тикритте америка әскерінің керуеніне болған шабуылда бір әйел солдат опат болған.