22-шы қырқүйек күні Ақтөбе облысының бір топ зиялылары Қазақстан қоғамымен бұқаралық ақпарат құралдарына үндеу жариялады.
Онда олар Ақтөбе облысының бұрынғы мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының жетекшісі Жасарал Қуанышәлиннің соңғы саяси мәлімдемелерімен үндеулерін сынға алған. Өздерін Жасарал Қуанышәлиннің серіктестеріміз және қоғамдық ұйымдардың өкілдеріміз деген тұлғалар Жасарал Қуанышәлин өз мәлімдемелерімен Қазақстан билігін, сонымен қатар Қазақстан жетекшісін сыңға алды, біз бұл мәлімдемелермен келіспейміз, дегенді айтқан.
Ақтөбе облысындағы бір топ зиялы қауым Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың арқасында қазақстандықтар тату-тәтті өмір сүріп жатыр, республика өзге мемлекеттермен салыстырғанда айтарлықтай дамып келе жатыр, деген тұжырым жасаған. Сонымен қатар, ақтөбелік зиялы қауым Жасарал Қуанышәлин өз мәлімдемелері арқылы қоғам арасына іріткі салуы мүмкін, дегенді айтқан.
Жасарал Қуанышәлиннің мәлімдемелері Қазақстан қоғамына қандай әсер беруі мүмкін деген сұрақпен біз, арнайы үндеу жариялаған топты бастаған Ақтөбе облыстық туберкулезге қарсы диспансердің бас дәрігері Мухамадияр Аманғалиға телефон шалдық, алайда бас дәрігердің хатшысы, Мухамадияр Аманғали жиналыста, деген жауаппен шектелді.
Бұл орайда Ақтөбелік зиялы қауымның үндеу жариялауына себеп болған Жасарал Қуанышәлин өз серіктестерінің бұл қадамын, Қазақстан Президенті мен Қазақстан қоғамын аман сақтау мақсатында емес, облыс әкімі Ермек Имантаевтың ар -ожданын қорғап қалу үшін жасалған әрекет, деп бағалап отыр.
Жасарал Қуанышәлин, бұрынғы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының жетекшісі: - Зиялы қауымның жазған үндеуінің негізі жоқ, дәлелі жоқ, бұл жалған құжат. Сол себептен бұл құжаттан маған зиян тимейді, бұл құжат шын мәнінде облыс әкімін қорғау үшін дүниеге келген. Себебі мен мәлімдемені 1-шы тамыз күні жасадым, неге олар өз үндеулерін сол кезде жарияламады,президентті қорғағысы келсе, неге сол уақытта айтпады. Ал, олар менің 8-шы қырқүйек күні облыс әкімі Ермек Имантаевты сынаған үндеу жариялағаннан кейін, өз наразылығын білдіріп отыр. Сол себептен олар менің 1-шы тамыз күнгі мәлімдемені сылтау етіп отыр. Негізінде бұл Ермек Имантаевты қорғап қалу үшін жасалған әрекет.
Өз сөзін қортындай келіп Жасарал Қуанышәлин Ақтөбе облысында қалыптасқан бұл жағдайға алаңдайтынын айтты. Себебі, дейді Жасарал Қуанышәлин бұл жағдай Сталин заманына ұқсас болып бара жатыр. Жалпы республикадағы жағдай Сталин кезіндегі оқиғаларға ұқсап бара жатқанын саясаткер Ермұрат Бәпи де растап отыр.
Ермұрат Бәпи, Қазақстанның Республикалық халық партиясының мүшесі: - Бұл жерде тек жазалау жоқ, арнайы лагері жоқ, қалған жағдайдың барлығы Сталин заманына ұқсас, бірақ барлығы жаңа заман талабына сай жасалған. Адамдарды бірін-біріне айдап салу рәсімі мемлекеттік деңгейде ұйымдастырылған. Бұл жетістіктердің барлығы республиканың мүддесіне жұмыс жасамайды, бұл тек мемлекетті билеп отырған адамның мүддесіне пайдалы.
Жасарал Қуанышәлиннің төңірігінде орын алған жағдайды бағалай келіп, саясаткер әрі журналист Ермұрат Бәпи қазақ зиялылары әлсіз дегенді айтты.
Ермұрат Бәпи, Қазақстанның Республикалық халық партиясының мүшесі: - Өкінішке қарай қазігі Қазақстанның зиялы қауымын-зиялы қауым, деп толық мағынада айтуға болмайды. Себебі біздің зиялы қауым биліктің асырандысына айналған. Билік берген сыйлыққа қанағаттанып отыр. Сол себептен олар Қазақстанның, Қазақстан халықының тағдырына алаңдамайды. Мына қиын заманда билік зиялы қауымды осындай тірлікке мәжбүр етіп отыр. Жасаралдың жағдайына келер болсақ, бұл үндеуді жариялағандар зиялы қауым емес, бұл біреудің айдап салғанына көніп жүрген зиялы қауым ғой. Оларды арнайы ұйымдастырған. Оларды зиялы қауым деуге де болмайды. Себебі зиялы қауым деген – халықтың, елдің қаймағы ғой, олар халықтың, елдің болашағын,елдің әлеуметтік, экономикалық және мәдени жағдайын ерекше ойлап, ерекше қортынды жасап, билікке, қоғамға жеткізе алатын адамдар ғой. Ал, енді біреудің айдап салуымен біреуді масқаралау арқылы күн көріп жүргендерді зиялы қауым деуге болмайды. Қазір біраз зиялы қауым біреудің атынан хат жазып,біреулерді масқаралап, күн көріп жатыр, бірақ бұл зиялы қауым өкілдерінің балалары бар. Бар зардапты олардың балалары көреді. Алайда зиялы қауым балаларының болашағы жөнінде ойламайды.
Қазақстан зиялылары әлсіз дегенге қарамастан Жасарал Қуанышәлиннің жубайы, қоғам қайраткері, ақын Айсұлу Қадырбаева күллі зиялы қауым Ақтөбеде болып жатқан жағдайға араласса, деген ойын білдірді.
Айсұлу Қадырбаева, ақын, қоғам қайраткері: - Біздің осында тұрып жатқанымызға біраз уақыт болды. Маған осында зиялы қауым бар сияқты болған.Олармен араласып көрсен, кез-келгені шежіре,тарих, сайрап тұрады. Осы халықтың көзін ашып, бүгінгі ұрпақты тәрбиелеуге пайдаланудың орнына, оларды тоқпақтап отыру, айтқанына көндіріп отыру – бұл нағыз көргенсіздік, деп есептеймін. Ал, осыны көріп отырған кейінгі ұрпақ қалай азамат болады, қалай елді, отанын қорғайды. Мені осы мәселе алаңдатады. Мен айтар едім, Ақтөбе өңіріне үлкен бір бет бұрыс, үлкен бір өзгеріс керек. Бұл іске тек халықтың әрекеті ғана емес, республика бойынша шашырап жүрген азаматтардың да белсенділігі керек.
Қазақстан зиялылыры республиканың саяси өміріне қатысса, деген ұсынысты өткен аптада Қазақстанның Республикалық халық партиясының атқару комитетінің жетекшісі Әміржан Қосанов жасады. Әміржан Қосановтың ойынша, зиялы қауым шындықты айтып жүргендерді қорғап қалу керек.
Әміржан Қосанов, Қазақстанның Республикалық халық партиясының атқару комитетінің жетекшісі: - Біздің зиялы қауым Қазақстанның саяси өмірінде болып жатқан оқиғаларға араласпайды. Неге жазушылар, журналисттер, шығармашылық топтар «СолДат» газетінің жетекшісін қорғап қалмайды. Себебі зиялы қауымның бірі Кеңсайдың төрінде жатқысы келеді, екіншісінің баласын Астанада жұмыс жасайды, нәтижесінде олар өздерінің пікірін білдірмейді. Бұл біздің зиялы қауымның бишаралығы. Мысалы, неге «Қазақгейт» ісіне өз пікірлерін білдірмейді,ортаға салмайды? Өздерінің пікірін білдіргісі келсе, «Егемен Қазақстан» газетіне жарияласын, «Хабар» агенттігі арқылы ойын білдірсін.
Дүйсенбі күні радикалды оппозиция қатарындағы Қазақстанның Республикалық халық партиясының атқару комитетінің жетекшісі Әміржан Қосанов өзіне қатысты жүргізілген қылмыстық іс бойынша сот отырысына қатысуды жоспарлап отыр. Ал, мемлекеттік қызметтен ашық түрде оппозиция кеткен Жасарал Қуанышәлин Ақтөбе зиялыларымен жүргізіп жатқан күресін одан әрі жалғастыратын түрі бар.