Бүгін 4-ші қазанда Қазақстандағы Байқоңыр қаласы Ресейдің ғарыштық әскерлері күні деп аталатын кәсіби мерекені атап өтетін болады.

Осыдан 46 жыл бұрын – 1957 жылы 4 қазанда Байқоңыр ғарыш айлағынан Спутник атты бірінші жасанды жер серігі ұшырылған болатын,- деп хабарлайды Қазақстан тудей агенттігі. Мереке шеңберінде бірқатар үздік қымзеткерлер космостық техниканы игеру мен ғарыштық бағдарламаларды дамытуда жеткен табыстары үшін медалдар мен ескерткіш белгілермен марапатталатын болады.