Президент Буштың айтуынша Израиль ұшағының Сириядағы бомбы соққысынан айтарлықтай залал келген. Израиль әскери мекемесінен хабарланғанындай, Ливан тарапынан атылған оқтан бір сарбаз қаза тапқан. Жексенбі күні Израиль ұшақтары Сирияда әуе шабуылы жасағаннан кейін ол аймақтағы жағдай күрделене түскендігі белгілі. Израиль өз шабуылын сенбі күні Хаифа қаласындағы жанкештілік шабуылдан кейінгі жауап деп ақтамақ болады. Ол күні Хаифада 19 адам қаза тапқан еді.