Конго Демократиялық республикасында БҰҰ-ның бейбітшілік сақтаушылары 23 бейбіт тұрғынның мәйітін тапқан, олардың көбісі қант қамысын шабатын қанжарлармен өлтірілген.

Жаппай қырғын Буния қаласы маңындағы ауылда болған. БҰҰ-ның өкілінің айтуынша, өлтірілгендердің көпшілігі әйел, бала - шаға кәрі-құртаң. Жергілікті тұрғындардың хабарлауынша, олар қырғынның тағы 32 өкілінің мәйіттерін жерлеген. Бунейге билік жасау үшін хема және ленду рулары соғыс жүргізіп жүр. Соңғы 4 жыл ішінде рушылдық қақтығыстарында 50 мыңнан аса адам көз жұмды.