500 жылдан кейін Гренада жеріне Ислам діні қайта оралып отыр. Осының айғағындай боп Испан жерінде жаңа мешіт бой көтерді-, дейді Дойтш пресс ақпарат агенттігі.
Испан жерінен Мавр, яғни Солтүстік Африка мұсылмандары қуылғаннан бес ғасыр асқаннан кейін, Гренада жерінде мешіт мұнараларынан азан қайта шақырыла бастады. Испанияның Мавр хандығының бір кездегі астанасында осылайша бұдан үш ай бұрын алғаш рет үлкен мешіттің ашылуы тездетілген болатын.
Испаниядағы Ислам қауымдастығының төрағасы Мәлік Әбдір Рахман Руиздің айтуынша, күн сайын мешіттегі намазға жүздеген адамдар келіп қатысады екен. Бұл қауымдастық Андалузия аймағындағы қаланың басты Исламдық ұйым болып табылады. Осы қауымдастық өкілдері тарапынан салынған мешіт құрылысына төрт жарым миллион доллар қаржы жұмсалған еді. Оның көпшілігі Біріккен Араб Әмірлігі тарапынан көмек ретінде жеткізілген болатын.
Бұдан бұрын Гренададағы 20 мыңдай мұсылман өкілдері негізінен жертөлелер мен гараждарда орналасқан мешіт жайларында басқосушы еді. Ал, қазір әппақ әрі үлкен мешіт қаланың ежелгі Маврлар ауданында Алхамбра сарайына қарсы бетте бой көтеріп отыр. 15 ғасырдың соңына дейін 800 жыл бойы Алхамбра сарайында да Мавр сұлтандығы билік құрған болатын. Содан кейін билік басына Католиктер монархы Фердинанд және Изабелла келген еді. Олар аймақтан әуелі еврейлерді, содан кейін мұсылмандарды ығыстырып шығарған болатын.
Бүгінгі таңдағы Гренада мұсылмандарының басым бөлігі, яғни 270 мыңдайы- мороккалық студенттер және сырттан келген жұмыскерлер. Сондай-ақ бір жарым мың испандық маврлар ұрпақтары да Ислам дініне қайта бет бұрған. Талибтер мешіт орталығында оқуларын жалғастыруда. Ал, оның кең саябақтары қала жұртшылығының және туристердің сүйікті орынына айналған. Бұл жерде Ислам дінінің таралуына қарсылықтар болды, әрине. Сондықтан аталған мешіт құрылысының аяқталуы 20 жылға созылып кеткен еді-, дейді Дойтш пресс ақпарат агенттігі. Таяуда ғана әл-Қаида ұйымымен байланысы бар деп бірнеше адамның ұсталғандығына қарамастан, мешіттің ашылуы қандайда бір қарсылықтарға душар бола қойған жоқ-, дейді қалалық ресми өкілдер.
-Егер белгісіз біреу шіркеу жанында тұрып, мешітке қарата ұрандар тастап тұрса, онда жергілікті тұрғындар бізді қорғауға тырысады-, дейді Руиз мырза. Испаниядағы жарты миллионға жуық мұсылмандар сияқты Гренада мұсылмандары да өз ішінде түрлі ағымдарға бөлінеді дейді мақала авторы.
Гренада мұсылмандары қазірдің өзінде өз ақшаларын жасап шығарған. Алайда оның қолданылу аясы тар болып тұр. Келесі қадам ретінде Ислам мектебін ашу жоспарлануда дейді Руиз мырза Дойтш пресс ақпарат агенттігіне берген сұхбатында.