Қазақстаның көлік және коммуникация министірлігі жыл сайын Қазақстан жолдарын қалпына келтіру үшін 300 миллион доллардың қаржысын жұмсайды.

Бұл туралы бүгін осы саланың вице-министрі Юрий Лавриненко хабарлады. Оның айтуынша қазіргі таңда Атырау-Ақтау, Атырау-Орал, Қарабұтақ-Теңіз тас жолдары қалпына келтірілуде. Ол сондай -ақ, 2004 жылы жаңадан салынып жатқан Алтынсарин-Хромтау темір жолы іске қосылуы тиістігіне тоқталды. Қазақстан өзінің сауда флотын құруды жоспарлап отыр деді Лавриненко. Қабылданған жоспарға сай Қазақстан 2010 жылы 88-100 миллион тонна мұнай өндіруі керек. Оның 10 пайызы теңіз арқылы тасымалданбақ. Ол Ақтау-Баку, Ақтау-Мақашқала және Ақтау-Нека бағыттары,-деп хабарлайды Kazakhstan today.