Таяуда Қазақстанда жылқының “Адай” атаулы жаңа тұқымы ресми түрде тіркелмек.

АТЫРАУ: Таяуда Қазақстанда жылқының “Адай” атаулы жаңа тұқымы ресми түрде тіркелмек. “Хабар” агенттігінің хабарлауынша, жаңа тұқымды шығару үшін Маңғыстаудағы Құланды жылқы шаруашылығының мамандары 10 жылдан аса уақыт бойы тер төккен. Іріктеушілер жылқының Адай тұқымына 50 жыл бұрын назар аударыпты. Оның ең басты ерекшелігі – төзімділігі. Адай жылқысы тәулігіне 360 шақырымды шауып өтеді екен.