Боливияда үкіметке қарсы наразылық шаралары әрі қарай жалғасып, 2 аптаның ішінде 16 адам мерт болды.

ЛА ПАС: Боливияда үкіметке қарсы наразылық шаралары әрі қарай жалғасуда. Ел астанасы – Ла Пастың түбіндегі Эль-Алто елді-мекенінде шеруге шыққандар мен полицияның арасында жексенбі күні болған қақтығыста 5 кісі мерт болды. 4 аптаға созылған толқулардың барысында бас-аяғы 16 адам өлтіріліп, ондаған кісі жараланды. Толқуға шыққандар Боливияның қазіргі президенті Гонсало Санчес де Лосадоның нарықтық реформалары мен Оңтүстік Америкадағы ең төменгі тұрмыс деңгейіне наразылық білдіруде.