Беларусссиядағы психоневрологиялық сырқаттарға арналған интернат-үйінде болған өрттің салдарынан 30 адам қаза болып, 30 кісі жараланды.

МИНСК: Беларусссияның Гродно облысындағы психоневрологиялық сырқаттарға арналған интернат-үйінде болған өрттің салдарынан 30 адам қаза болып, 30 кісі жараланды. Республиканың төтенше жағдайлар жөніндегі министрі Валерий Астаповтың хабарлағанындай, қайғылы апатқа байланысты – отпен ойнады немесе оттың сағымы қуған ауру өртеді деген 2 болжам бар. Министрдің айтуынша, интернат дәрігерлері құтқарушыларды өрт басталғаннан кейін 30 минут кешігіп шақырған. Бұл, деп мәлімдеді В.Астапов, қаза болғандардың саны бойынша Беларуссиядағы соңғы 50 жылдағы ең ірі өрт болды.