“Бағдад” қонақ үйі іргесінде болған жарылыстың салдарынан кем дегенде 6 адам мерт болып, ондаған кісі жарақат алды.

БАҒДАД: Ирақ астанасының орталығындағы “Бағдад” қонақ үйі іргесінде болған жарылыстың салдарынан кем дегенде 6 адам мерт болып, ондаған кісі жарақат алды. Жараланғандардың ішінде 1 АҚШ жауынгері бар. Ирақ полициясы мен әскери АҚШ басшылығының хабарлауынша, әлгі жерде қопарғыш орнатылған автокөлік жарылған. “Бағдад” қонақ үйінде АҚШ офицерлері мен Ирақтағы Басқару кеңесінің кейбір мүшелері тұратын көрінеді.