БАҒДАД: Соңғы тәулікте Ирақта АҚШ-тың 3 жауынгері қаза болып, тағы 3-і жараланды. Елдің солтүстігінде оларға қарсы 2 шабуыл, бірі Тикрит қаласының маңайында, екіншісі Бағдад төңірегінде болды. Тикритте АҚШ әскері коалиция күштерінің жауынгерлеріне қарсы шабуылдарға қатысты деген күдікпен 34 кісіні тұтқындады. Дүйсенбі күні Ирақтың орталығында тас жолдың бойындағы мина жарылысынпан 2 полицай мен жергілікті тұрғын жараланды. Полицияның мәлімдеуінше, Дияла өлкесінің әкіміне қарсы әзірленген қастандық сәтсіз аяқталды. Ирақтың Басқару кеңесі дүйсенбі күні Түркия әскерінің елге кіруіне тағы да қарсылық білдірді.