Қазақстан Парламентi Мәжiлiсiнiң қазанның 15-i күнгi отырысында депутат Асқар Қабанбаев үкiмет басшысы Даниял Ахметовке сауал жолдап, Ресейдiң Алтай Республикасындағы Қосағаш ауданына көмек көрсету мәселесiн көтердi.
Қыркүйектiң 27-сi күнгi 9 балдық жер сiлкiнiсiнiң Қосағаш халқын есеңгiретiп кеткенi, одан кейiн де жерасты дүмпулерi болғаны мәлiм.
“Ондағы 17 мың халықтың 12 мыңы қазақтар. Үйлерi қирап, сорлап қалғандардың да денi солар. Соған қарамастан Қазақстан Үкiметi қаперсiз отыр. Бұл, басқасын айтпағанда, ұлы көршiмiзден ұят”, - дедi Асқар Қабанбаев.
Ол Даниял Ахметовтен Қосағаш жерiне қайырымдылық керуенiн жiберiп, халыққа ұн, дәрi-дәрмек, жылы киiм жеткiзудi сұрады. Мәжiлiс депутаты Уәлихан Қалижан да Қосағашқа қол ұшын беру қажеттiгiн Даниял Ахметовке жолдаған сауалында айтқан болатын. Қалижан мырза зiлзаладан зардап шеккен халыққа гуманитарлық көмек көрсетудi ұйымдастыру үшiн үкiмет басшысына арнай комиссия құруды ұсынады. Сондай-ақ, 2003-2004 жылдың квотасы есебiнен Қазақстанға көшкiсi келетiн 1000 отбасын Шығыс Қазақстан облысына қоныстандырып, оларға оралман мәртебесiн беру қажеттiгiн алға тартады.
Шығыс Қазақстан облысының зiлзала кiндiгiне жақын елдi мекендерi де бiршама зиян шегiп отыр. Қабырғалары жарылып, қисайып, құлауға шақ қалған үйлер мен мектептер, басқа да әлеуметтiк ғимыраттарды жөндеуге 370 миллион теңге қажет.
Мәжiлiс депутаты Асқар Қабанбай үкiмет басшысы Даниял Ахметовке жолдаған сауалында, аталған соманы Шығыс Қазақстан облысының бюджетiне қайтарымсыз негiзде аудартуды сұрады.