Қазақстан кәсіпкерлер қозғалысының қоғамдық кеңесі президент Нұрсұлтан Назарбаевқа үндеу хат жолдады
Қазақстандағы сот жүйесіне наразылық тарытқан Қазақстан кәсіпкерлер қозғалысының қоғамдық кеңесі атты ұйым Қазақстандағы сот жүйесіндегі жемқорлықтың тамырына балта шабу керектігін, жалпы сот жүйесін реформалау қажеттігін ұсыныс еткен үндеу хатын қазанның 16- сы күні президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атына жолдапты. Осыған байланысты қазанның 16- сы күні Алматыдағы Қазақстан баспасөз клубында аталмыш ұйым басшылары журналистер алдында баспасөз мәслихатын өткізді. Баспасөз мәслихатында сөз алған Қазақстан кәсіпкерлері қозғалысының қоғамдық кеңесінің жетекшісі Василий Резван:
Қазақстанда сот жүйесіндегі реформа тоқтап қалды. Қазақстандағы қоғамдық ұйымдар мен кейбір депутаттар тарапынан және де кейбір лауазымды адамдар мен қарапайым азаматтар тарапынан Қазақстандағы сот жүйесін жақсарту жөніндегі талап тілектері, айтқан өтініштеріне ешкім құлақ аспады. Сондықтан бұл мәселе іске аспады. Оның себебі Қазақстандағы сот жүйесі жемқорлыққа, парақорлыққа әбден былғанған, – деді
Ал осы ұйымның тең төрағасы Кеңесбай Әбдірахмановтың айтуынша, президентке жолданған хатқа ол кісі қайткен күнде жауап береді. Қазақстандағы сотқа реформа жасайтын кез келіп отыр. Осыдан бұрынырақта үкімет сот жүйесінде жұмыс істейтіндердің айлық жалақысын жоғары көтерді. Бірақ олар пара алуды қояр емес. Баспасөз мәслихатынан соң оны өткізушілер журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.