Павлодар газетінің жүлдесіне жарыс өтіп жатыр

Павлодар қаласында облыстық "Сарыарқа самалы" газетінің жүлдесі үшін мини-футболдан кезекті сайыс басталды, деп хабарлайды "Қазақпарат" агенттігі. Мұнда Павлодар облысының 20 командасы күш сынасып отыр. Турнирдің қортынды ойыны Республика күнінің қарсаңында, 25 қазанға таман өткізіледі.