Байқоңырдан ғарыш кемесі ұшырылды

Бүгін Қазақстандағы Байқоңыр ғарыш айлағынан "Союз ТМА" ғарыш кемесі ұшырылды. Бұл ұзақ мерзім жұмыс істеуге бет алған халықаралық экипаж. Топтың бастығы – американдық замат Майкл Фоэлл,. Қалған екеуі - ресейлік азамат Александр Калери және Испания азаматы, Европа Ғарыш агенттігінің өкілі Педро Дюки. Олар дүйсенбі күні ғарыш станциясына барып жетеді, көкек айынан бері ғарышта жүрген американдық Эдуард Лю және ресейлік Юрий Маленченконы 28 қазанда Жерге қайтарады. АҚШ ғарышкерлері Байқоңырдан осымен екінші рет ұшырылып отыр. Ақпан айынды "Колумбия" ғарыш кемес апатқа тап болған соң, американдық шаттл үлгісіндегі кемелер пайдаланылудан қалтырылды.