ҚР Парламент Мәжiлiсiнiң депутаты Ержан Рахметов Абыралы ауданын қалпына келтiру мәселесiн көтердi
Шығыс Қазақстан облысы құрамында Абыралы ауданын ашу қажет. Қазақстан Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты Ержан Рахметов Үкiмет басшысы Даниал Ахметовке жолдаған сауалында осындай мәселе көтердi. I928 жылы құрылған Абыралы ауданының өткенi қазақ халқының қасыреттi тарихымен сабақтас. 1955 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесiнiң Президиумы Семей ядролық полигонының ашылуына байланысты Абыралы ауданын жабу туралы қаулы шығарды. Ал жергiлiктi жұрт сутегi бомбасының сыналуына байланысты оған дейiн--ақ күштеп көшiрiле бастаған-ды. Сол жылдардың ахуалы “Абыралының ақтабан шұбырындысы” деген атаумен халық жадында қалды. Мұны өз басынан өткерген азаматтардың бiрi, қаламгер Масым Омарбековтың пiкiрiнше, Абыралы ауданын қалпына келтiру тарихи әдiлеттiк болмақ.
Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесi Президиумының аталған қаулысынан кейiн ауданның бiр ауқым алабы Қарағанды, Павлодар облыстары мен көршiлес Абай ауданына берiлсе, 900 мың гектарға жуық ұлан-ғайыр алап Кеңес Одағы Қорғаныс министрлiгiнiң құзырына өтiп, ядролық полигонға айналды. Ал 1990 жылы Абыралы ауданы Семей облысының құрамында қайта құрылады. Алайда, оңтайландыру кезiнде Семей облысының Шығыс Қазақстан облысына қосылуы Абаралы ауданының ғұмырын келтесiнен қиып кеттi. “Мұның салдары бұл өңiрiнiң халқын тығырыққа тiреп отыр. Абыралылықтар ауданды қайта қалпына келтiруге себеп те, экономикалық негiз жеткiлiктi деп санайды”,-- дейдi депутат Ержан Рахметов.
Бұрынғы Абыралы ауданы бұл күнде Семей қаласына қарасты Қайнар ауылдық округi болып қалған. Оның Семейден қашықтығы 300 шақырым. Қыс айларында тозып бiткен көтерме жолды қар алып, сыртқы ортамен байланыс үзiлiп қалады. Электр қуаты да үнемi жете бермейдi. Мәжiлiс депутаты Ержан Рахметов Абыралы өңiрiн жандандыру мақсатында Үкiмет басшысы Даниял Ахметовтен Абыралы ауданын қалпына келтiру шараларын жеделдете қолға алуды сұрады.