Ердоған през. А.Ақаев және бір қатар ресми адамдармен кездеспек. Қырғызстан сыртқы істер министрінің орынбасары Қошшыбековтың айтуынша, Түркия үкімет басының бұл сапары екі ел арасындағы байланыстар үшін елеулі уақиға.
Ердоған сапарының соңғы күні - бейсенбіде Бішкекке Ресей президенті Путин келіп, Совет одағы құлағаннан кейінгі алғашқы әскери әуе базасын ашу салтанатына қатыспақ.