ББС-дің "Қиын сұхбат" деген танымал хабарының жүргізушісі Тим Себастиан Қазақстан елшісі Ерлан Ыдырысовпен Қазақстандағы саяси жағдай жөнінде 22 қазанда пікір таластырды. Мұнда Қазақстандағы адам құқықтарының дағдарысы, тәуелсіз баспасөздің қудалануы жөнінде пікірталас болды.
Бір айта кетер жайт – белгілі журналист Нури Муфтахтың қазасы жөнінде жаңа дерек жарияланды. Нури Муфтахты әлдекімдер автобустың астына әдейі итеріп жіберіпті деп айтылды. Тәуелсіз журналист Нури Муфтах осыдан тұра бір жыл бұрын жол апатында, іс сапар кезінде жұмбақ жағдайда қаза тапты. ББС телекомпаниясы оның ажалы қолдан болды деп тұңғыш жариялап отыр.
Кей батыс елдері үшін Қазақстан терроризммен күресте таптырмас одақтас, оның үстіне Таяу Шығыстан сыртқы аймақтағы мұнайға аса бай мемлекеттердің бірі есептеледі, - дей келе, ББС тілшісі Тим Себастиан Қазақстанның Британиядағы елшісі Ерлан Ыдырысовты ашық әңгімеге шақырды.
Тілшінің айтуынша, Қазақстандағы адам құқықтарының бұзылуы өз алдына үлкен мәселе. "Сіздің мемлекетіңіз өзін жарнамалау үшін Америкадағы ең қымбат заң фирмаларынан жиі пайдаланып келеді. Бірақ адам құқықтарын бұзудай жаман атақтан сіздің ел қалайша құтыла алады? " – дейді Тим Себастиан.
"Олар қандай фирма, компаниялар екен, және аяқ асты болған қандай адам құқықтары жөнінде айтып отырсыз?" - деген қазақстандық елшінің сұрағына, Тим Себастиан, бірден ондай заң компанияларының он шақтысын атап, тізіп береді.
Өз кезегінде, "Қазақстанда түрлі секторларда істейтін батыстық компаниялар одан да көп. Адам құқықтарына келсек, бұл мәселені жедел дамыту жолындамыз", - дейді елші Ерлан Ыдырысов.
Тим Себастиан: "Бірақ қай бағытта ? АҚШ мемлекеттік департаментінің мәліметтеріне қарағанда, Қаақстандағы адам құқықтарының жағдайы, керісінше барынша нашарлай бастаған көрінеді ғой", - деді.
- "Жоқ, бұл мәселеде артқа емес, алға қарай даму бағытындамыз", - деп Ерлан Ыдырысов Британия бас министрі Тони Блейердің сөзін келтірді.
- "Дегенмен, наурыз айында АҚШ мемлекеттік департаменті жариялаған дерекке қарағанда, Қазақстандағы адам құқықтарының жағдайы одан сайын нашарлай түскен", - деген журналисттің сөзіне қарсы дәлел ретінде, елші сол департаменттің шілде айының 17-де таратқан мәлімдемесін келтірді. Онда "Қазақстан үкіметі адам құқықтарын қорғау саласында соңғы алты айда айтарлықтай игі шараларды іске асыра алған", - делініпті.
Ал ББС-лік журналистің, тағы да мемлекеттік департаменттің деректеріне сүйеніп "Қазақстан полициясы азаматтарды таяқ астына алуда, азаптауда, тұтқындарға өз білгенін істеуде. Ал үкімет демократиялық институттарды өзгерту жолындағы азаматтар құқығын барынша шектеп тастаған. Сол үкіметтің өзі полиция тарапынан адам құқықтарының бұзуы жағдайы өзекті мәселе екендігін мойындап отыр, бірақ сақшылар кісілерді заңсыз тұтқындау, қамау шараларын одан әрі жалғастыруда", - деген сөзіне Ерлан Ыдырысов былай жауап қайтарды: "Бізде сіз айтқандай дәрежеде кісіні азаптаушылық жоқ. Бұл салада үлкен жұмыс жүргізілуде. Ал сіз айтқан сол Американың өзінде полиция абақтыдағы тұтқындарға күш көрсетеді емес пе"? Сөйтіп, елші Совет Одағы құлағаннан кейін Қазақстанның ядролық қарулардан қалай құтылғанын, және қазақ даласындағы Сталин кезіндегі Гулаг лагер жүйесі жөнінде айта жөнелді.
Оған тілшінің, "Бірақ сіздер ядролық қаруларды жойғанменен, адамдарды қудалау, езу, азаптау, қамау, репрессиялау шараларын жоя алмай отырсыздар ғой", - деген сөзіне қазақстандық елші: "Қазақстан заңдық реформалар жүргізуде. Оны байқамағандай, АҚШ мемлекеттік департаменті жалған бұлақтардағы, жалған, дәйексіз , күдікті дерек-мәліметтерге сүйенеді. Мысалы, көптеген батыстық журналистер Қазақстанға келіп, түнгі мейрамханаларда ойын-сауық жасап, шараптан тартып, соның қызуымен әңгіме құрастырады", - деп жіберді.
Ал, Тим Себастиан: "Сіздердің журналистеріңіз, әсіресе тәуелсіздер - қатты қысым астында, қудаланады. АҚШ мемлекеттік департаментінің деректеріне қарағанда, оларға үкіметтің өзі күн бермейді“, - деген кезде, Ерлан Ыдырысов тілшіден нақты мысал келтіруін сұрады.
ББС тілшісі: "Оппозициядағы "Республика" газетінің тілшісі Нури Муфтахты іссапардан келе жатқан кезде әлде кімдер оны автобустың астына итеріп жіберіп, өлім апатына кезіктірді. Оған куәлар бар. Жұрналист Алексей Пугаев автокөлік апатында өледі. Ол Қазақстан президенті мен оның айналасын жиі сынап келген. КТК телеарнасының қызметкері Платоновты үйінің алдында қан жоса етіп сабап кеткен, тағы тағылар", - деді.
Ерлан Ыдырысов оған былай деп жауап берді: – "Иә, бұлардың әр қайсысына жауап берсем болар еді. Бірақ сіз олардың қайсысына Қазақстан үкіметінің тікелей қатыстығы бар деп есептейсіз? Үкімет, керісінше, кезінде ол істерді сөккен болатын. Егер сіз ол істерде үкімет не заң орындарының қолы бар деп күдіктенсеңіз, мен басымды тіге отырып, Жоқ , деп жауап берген болар едім", - дейді қазақ елшісі. - Бірақ батыста, бүкіл әлемде, журналистке бірдеме болса оған үкімет араласты деп айта бермейді ғой", - дейді Ерлан Ыдырысов.
Тим Себастиан: "Онда, енді Сергей Дуванов мәселесіне келейік. Үкіметті сынап келген оны өткен қазан айының соңында АҚШ-қа жолға шығар кезде қазақ полициясы тұтқындайды. Неге? Себебі, Дуванов АҚШ конгресі алдында Қазақстандағы адам құқықтары жөнінде сөйлеуі тиіс болатын. Ал оған аяқ астынан, 14 жастағы қызды зорлады, деген айып тағылды", - деді.
Ерлан Ыдырысов: "Мен бұл мәселенің қозғалатындығын білгенмін. Бұл - өте маңызды нәрсе. Себебі, біріншіден, кәмелетке толмаған қызды зорлау, батыс заңына орай да үлкен қылмыс. Екіншіден, қылмыс бойынша қыздың анасы сотқа шағымданған. Үшіншіден, Қазақстан бұл мәселеде Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен өзара бірлесіп жұмыс істеді. Ол ұйым атынан голландиялық заңгер профессор Қазақстанға келіп, істі егжей-тегжейлі зерттеп, мәселенің саяси астары бар деген күдік негізсіз деген тұжырымға келді, - деді.
Сергей Дувановтың жағдайы жөнінде пікір таластыра келе, ББС телекомпаниясының жүргізушісі Тим Себастиан президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы, Қазақстан журналистеріне ықпал жүргізетін Дәриға Назарбаеваға сілтеме жасады. "Сергей Дувановтың ісі саяси іс, тағылған айыптың астарында саясат жатса керек деп, Дәриға Назарбаева "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне 31 қаңтарда айтқан болатын. Мұны президенттің өз қызы айтып отыр", - деді Тим Себастиан. Ерлан Ыдырысов бұл дәйекті бірден ары апарып тастауға тырысты. "Бұл Дәриғаның жеке пікірі, президенттің өзі жоққа шығарса да, деректен ешқайда кете алмаймыз. Әр кім өз пікірін білдіруге құқылы. Жалпы, бұл мәселеде мен бейтараппын," – деді Ерлан Ыдырысов.
"Бірақ, президент Назарбаев бұл істе бейтарап емес. Назарбаев Дувановты педофил яки жас балаға құмартанытушы деп сипаттады, тіпті айыпты деп атады", - деді ББС телекомпаниясының жүргізушісі.
Кәмелетке толмаған қызды зорлады деген айып бойынша абақтыға жабылған Сергей Дувановтың мәселесінде саяси астар жоқ деп түйіндеген Қазақстан елшісіне ендеше Қазақстанда тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдары неге жабылады деген сауал қойылды, нақты мысалдар келтірілді. Қазақстан елшісі бұл құбылыста да саяси астар жоқ, бұл экономикалық бәсекелестік, бізде мыңдаған бұқаралық ақпарат құралдары, жүзден аса телекомпания және радиокомпания еркін және қатты даму үстінде деді.
"Қиын сұхбат" атты хабардың барысында жүргізуші Тим Себастиан болса Қазақстан журналистері неге еркін жұмыс істей алмайды деп сұрады. Ерлан Ыдырысов бұған қарсы дәлел ретінде АҚШ сыртқы істер министрі орынбасарының дәйексөзін келтірді. Тим Себастиан болса ол орынбасардың тікелей бастығы министр Колин Пауеллдің Қазақстандағы адам құқықтарының жағдайын дәл сол кезеңде сынаған пікірін төтесінен қойды.
Сөйтіп, екі сұхбаттас әңгіменің ағымымен, сөзжарыстың желісімен атышулы "Қазақгейт" шатағына тірелді. Қазақстан басшыларына американ мұнай компанияларынан 78 миллион доллар пара беріліпті деген бірнеше жылғы іс қазір АҚШ сотында қаралып жатыр. Айыпталған американдық екі бизнесменнің алғашқысы Брайан Уильямс жақында істі деп табылды, жазасын алып жытыр. Айыпталған екінші американдық бизнесмен – президент Назарбаевтың бұрынғы кеңесшісі Джеймс Гиффен кінәм жоқ деп отыр, оның соты әлі біткен жоқ.
ББС телекомпаниясында 21 қазанда жарияланған сұхбат - Ерлан Ыдырысов сияқты Қазақстанның жоғары басшысының "Қазақгейт" шатағы жөнінде пікірін алғаш білдірген сұхбат болып отыр. Ерлан Ыдырысов "Қазақгейт" шатағының Қазақстанға, Қазақстанның бірде бір азаматына қатысы жоқ деп кесіп айтты:
- Бұл қылмыс тергеуіне тартылған бірде бір Қазақстан азаматы жөнінде ешқашан естіген жоқпын. Бұл шаруаға байланысты өте мол мәлімдеме жасалып жүр, жалпы.
Тим Себастиан: - Бірақ Қазақстан үкіметі жалдаған адвокаттар Қазақстанның ресми тұлғаларына қатысты тергеуді тоқтатпақшы болды. Мұны Сіз білесіз.
Ерлан Ыдырысов: -Қандай тергеуді айтып тұрғаныңызды білмеймін.
Тим Себастиан: -Қазақстанның ресми басшыларына қатысты қатаң тергеу жөнінде қолқа салынды. Ал Вашингтонда құпия жоқ. Тергеу мәселесін сіздердің дипломаттарыңыз түрлі келіссөздерде және басқа дипломатиялық жағдайларда көтеріп келеді.
Ерлан Ыдырысов: -Тим, мен мұны айта кетемін. Мұның барлығы жалпы мәлімдеме деңгейінде. Мемлекет ретінде тергеуде ешқандай шаруамыз жоқ. Ол американдық азаматтар, Вашингтонда ма, Нью-Йоркте ме – ісіміз жоқ...
Қазақстан елшісі "Қиын сұхбаттың" "Қазақгейтке" қатысты бөлігін қысқа қайруға тырысты, Джеймс Гиффен сияқты шетелдік кеңесшілер Қазақстан президентінде жалпы көп болған деді. Тергеудің аяқталып, нәтижесі шыққанын бізде қалаймыз, деді Ерлан Ыдырысов.
Осы сәтте, сұхбат соңында, Ерлан Ыдырысовтың сөздерінің қайшылығын көрсететін мысал келтірілді. "Джеймс Гиффенге толық сенемін деп айтыпсыз ғой," - деген сауал қойылды Ерлан Ыдырысовқа.
Ерлан Ыдырысов бұған былай жауап қайтарды: - Мен олай айтқан жоқпын. Тим Себастиан: - Президент Назарбаевтың бизнес кеңесшісіне сенемін деп айтқансыз. Ерлан Ыдырысов: - Мен мұны айтқан жоқпын. Тим Себастиан: - Мұны ешкім айтқан жоқ. Оған толық сенемін деп ешкім айтқан жоқ. Бірде бір үкімет өкілі мұны айтқан жоқ. Ерлан Ыдырысов: - Не жөнінде Сіз айтып отырсыз? Тим Себастиан: - 2000 жылы Сіз президенттің бизнес кеңесшісі Джеймс Гиффенге толық сенімдімін деп айттыңыз. Ерлан Ыдырысов: - Мен бұны ешқашан айтқан жоқпын. Тим Себастиан: - Мақұл. Сіз мұны "Вашингтон пост" газетінде айтқан екенсіз...
Осы сәтте Ерлан Ыдырысов"Вашингтон пост" газетінде олай айтқан да шығармын, бірақ мен Қазақстанға бастапқы кезеңде көмектескен шетел ақылшы-кеңесшілеріне сенімдімін деп ой қозғағанмын деп жауап қайтарды. Ондай кеңесшілердің бір сыпырасы бейресми мәртебеде Қазақстан үкіметімен жұмыс істеді, деді Қазақстанның Британиядағы елшісі.
"Қиын сұхбаттың" ең соңында Ерлан Ыдырысов пен хабардың жүргізушісі Тим Себастиан Қазақстандағы сыбайласқан жемқорлық жөнінде сөз жарыстырды. Ерлан Ыдырысов, жалпы, Қазақстан даму үстінде, өзгіріс үстінде, біз шапшаң жүріп отырмыз деп, сөз қайырып жатты. ББС компаниясының тілшісі "Сонда қай бағытта шапшаң жүріп отырсыздар?" - деп әңгіме басын бұрып отырды.