Cоңғы жылдары көмірсутегінің табиғи қорына аса бай Каспий теңізінің аумағына бүкіл әлемнің, әсіресе Батыс елдері, Ресей, Иран және Қытай көздерін тігіп отыр.
Каспийдің мұнай қорына деген қызығушылық пен аталған мемлекеттердің арасындағы бәскелестік жылдан-жылға арта түсуде. Соның салдарынан теңізді қоршай орналасқан елдер Каспийдегі қарулы күштерін нығайтуға кірісті. Міне содан Каспий теңізі халықаралық дау-жанжалдың сахнасына айналмай ма деген алаңдаушылықтар туа бастады. Осы алаңдаушылық Ресей басылымдарында жиі көтеріліп келеді.
Каспий теңізіндегі қарулы күштерді нығайтуға құлшына кірісу – Каспий “түйінін” тарқатудың дипломатиялық ресурстарының сарқылып, теңіз проблемаларын шешудің басқа жолдарының қалмағанын аңғартқандай болады. Ресейлік “Газета СНГ” интернет-парағында жарық көрген бір мақалада оның авторы Зарина Асқарова осылай деп жазды.
Автордың атап көрсетуінше, көптеген саяси сарапшылар Каспийді жағалай орналасқан мемлекеттердің теңіз бетінде өз-ара “жаппай” қарулануы - таяу болашақта олардың арасындағы әскери жанжалға соқтыруы ықтимал деп болжайтын көрінеді. Каспийдің құқықтық мәртебесін айқындау мәселесі бойынша құрылған Арнайы жұмыс тобының Ашхабадатағы отырысында теңіз жағалауындағы 5 мемлекет – Қазақстан, Ресей, Иран, Әзірбайжан және Түркіменстанның өкілдері теңіздегі қарулы күштерін нығайту ниеттерінен бас тартпайтындарын мәлімдеп тарасты.
Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Виктор Калюжный сол кезде: “Каспий аймағындағы бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін Ресей теңізде заман талабына сай қарулы күштерін ұстауға міндетті” деп мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, басқа мемлекеттердің де Каспийдегі қарулы күштерін нығатуына Ресей қарсы емес, бірақ теңізде шетелдердің қарулы күштерінің пайда болуына түбегейлі қарсы.
З.Асқарованың жазуына қарағанда, Каспий жағалауындағы көрші елдердің қарулы күштерін нығайтып жатқанына Мәскеу әзірше онша алаңдамайды. Өйткені, Ресей аталмақ аймақ елдерінің арасындағы даусыз жетекші рөлін әлі сақтап отыр және Каспийдегі ең қуатты әскери флот – Мәскеудікі. Әйтсе де, деп атап көрсетеді мақала авторы, Каспийге қатысы жоқ шетелдердің теңізде әскери белсенділік көрсетуін Кремль қисынсыз және өз мүддесіне қайшы келеді деп есептейді. Бұл жерде сөз, әрине, стратегиялық мүдделері Каспий теңізі мен оның көмірсутегі қорына бағытталған Америка Құрама Штаттары турасында болып отыр.
Ал екінші бір ресейлік басылым – “Новые Известия” газетінің пікірінше, өз тарапынан Вашингтон Каспийдің жаппай қарулануын қолдайды және теңіз жағалауындағы жаппай қарулануға көшкен бірқатар елдің “қолтығына су бүркеп” отыр. Аталмыш басылымның бір мысалына қарағанда, Қазақстандағы АҚШ елшілігіндегі әскери ынтымақтастық бөлімінің жетекшісі Уильям Лахью таяуда ғана: Вашингтон Астанаға Ресей шекарасына жақын маңайдағы Каспийде бірінші әскери базасын ашуға көмек беруде” деп мәлімдеген көрінеді.
Оған қоса Вашингтон “Баку-Тбилиси-Джейхан” мұнай құбырын күзету туралы бастама көтеріп жатыр. Ендігі жерде, деп жазды “Газет СНГ” интернет-парағында З.Асқарова, Каспий мұнайы Батысқа АҚШ пен НАТО жауынгерлерінің қатаң күзетуімен жеткізілетін болады. Ресейлік “РосБалт” басылымының хабарлауынша, АҚШ әскерилері Грузия жерінде өткен жылдың көктемінен бері жүр. Ал Әзірбайжанға келгенде, тиесілі құжатқа қол қойылған соң, оның территориясында АҚШ-тың әскери базасын орналастыру жоспарлануда.
З.Асқарованың пікірінше, АҚШ армиясының Каспий аймағына келуіне қарсылық білдіріп отырған Ресейдің көзқарасын сөзсіз қолдайтын бірден-бір ел Иран көрінеді. АҚШ жағынан төніп тұрған қауіп-қатерге алаңдаған Иран Ислам Республикасы, оған қоса, Каспий теңізі жағалауында орналасқан көрші елдермен арадағы қарама-қайшылықтарынан да құтыла алмай келеді. Каспийдің құқықтық мәртебесін белгілеу жөніндегі 5-жақты келіссөздерде Теһран ең бітіспес саясат ұстануда.
Өйткені, деп санайды “Газета СНГ, Иран теңіздің өзіне ұсынылып 13 пайыздық үлесін қанағаттанбай, теңізді теңбе-тең 20 пайызға бөлу талабынан қайтпай қасарысып отыр. Таяуда ғана Иран өзінің Каспийдегі әскери флотына “Пейкан” атты зымырандық жүйрек қайық қосылғанын хабарлады. Ол хабар ең алдымен Бакуді елең еткізді. Өйткені, 2001-інші жылдың жазында Баку мен Теһран арасындағы қарым-қатынасты ушықтары түскен бір келеңсіз оқиға болды. Мақаласын қорыта келгенде, автор Зарина Асқарова, тікелей соғыс қимылдарына дейін жете қоймаса да, Каспийдегі әлгіндей жанжалды оқиғалар осыған дейін де талай рет болды.