ҚР Бас прокуроры Р.Түсіпбековтің ашық Үндеуінде келтірілген мәліметтерге қарағанда, 2002-нші жылы ғана Қазақстанның сот мекемелері қабылдаған 14 мың 548 үкімі не бұзылған, не өзгертілген.
Ал осы көрсеткішті 1 жыл ішіндегі 250 жұмыс күніне бөлсе, онда Қазақстанның сот жүйесі күн сайын заңға қарама-қайшы 60 (!) үкім шығарады екен. Оған қоса, соңғы 2 жылдың бедерінде Қазақстан соттары шығарған бірнеше шешім, атап айтқанда – 2001-2003-інші жылдардың ішінде оппозиция жетекшілерінің бірін сырттай жазаға тартқан үкім, Ғ.Жақиянов пен М.Әбіләзов сынды тағы 2 жетекшісін 6 және 7 жылға кескен, С.Дувановты 3,5 жылға, ал Ә.Қосановты таяуда ғана 1 жылға шартты түрде жазаға тартқан сот үкімдері - елдегі оппозицияның ғана емес, адам құқықтары жөніндегі беделді халықаралық ұйымдар мен республиканың АҚШ сынды стратегиялық әріптестерінің де жаппай наразылығын туғызды. “Саяси астарлы” деген айдар тағылған әлгі сот үкімдері бойынша түрмеге жабылғандарды халықаралық қауымдастық бірауыздан “саяси тұтқындар” деп мойындап, бірін тіпті – “Сахаров Сыйлығына” ұсынып отыр. Ал Қазақстан басшылығының өзі ұлттық сот жүйесі туралы не ойлайды және не істемек ниеті бар?
Республика халқының қайсыбір бір бөлігі емес, бүкіл Қазақстан қоғамы елдің сот жүйесіне риза емес. Оның ішінде, елдегі қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдар, тәуелсіз журналистер, саяси оппозиция және, тіпті, кәсіпкерлер де шексіз наразы көрінеді. Оның бірден-бір айғағы: қазанның 16-сы күні Қазақстан кәсіпкерлерінің Қоғамдық Кеңесі мемлекет басшысының атына отандық сот жүйесін түгел реформалау мен сот мекемелеріндегі жемқорлықтың тамырына балта шабу туралы өз ұсынысын жолдады.
Кәсіпкерлердің мәлімдеуінше, сот реформасы іс жүзінде еш өзгеріссіз қалды. Оның бірден-бір айғағы ретінде, кәсіпкерлердің Қоғамдық Кеңесінің жетекшісі В.Резван Қазақстанның Бас прокуроры Р.Түсіпбековтің соңғы ашық Үндеуінен “азаматтық істермен қоса, әкімшілік істерді қарағанда да соттар көптеген заңсыздықтарға жол беріп отыр” деген жолдарын мысалға келтірді.
Кәсіпкерлер әлгі Үндеуінде мысал ретінде келтірілген деректерді бір-біріне қосып есептеп қараса, 2002-нші жылы ғана Қазақстанда сот мекемелерінің 14 мың 548 үкімі не бұзылған, не өзгертілген болып шыққан. Ал егер де осы көрсеткішті жыл барысындағы барлық 250 жұмыс күніне бөліп қараса, Қазақстанда күн сайын сот мекемелері заңдарға қарама-қайшы келетін 60-қа жуық үкім шығаратын көрінеді.
Алайда, ең қызығы, Қазақстанның ресми билігі де отандық сот жүйесінің барлық кемшілігін, судьялардың шектен шыққан жемқорлығын жақсы біледі және, ең бастысы, оны жоққа шығарып та әуре болмайды. Мысалға, ҚР-сы президентінің кеңесшісі, радиотыңдаушыларымызға дауысы жақсы таныс, Ермұхамет Ертісбаев: республикадағы жүзеге асырылған нарықтық және саяси-демократияландыру жолындағы реформалардың тізбегіндегі ең әлсіз бөлігі деп санайды.
Ол аз болса, сот жүйесін өзгерте алмағанын президент Н.Назарбаевтың өзі де мойындайтын көрінеді. Атап айтқанда, өзінің көп кеңесшілерінің бірі, тағы да сол Е.Ертісбаевпен бейресми бір әңгіме үстінде президент Н.Назарбаев: - Елдегі барлық реформалардың ауқымын дәл белгілеп, дұрыс бағыттай білдім. Барлық өзгерісті дұрыс жүргізе алдым. Бірақ, қолымнан келмеген жалғыз-ақ мәселе – ол сот жзүйесін реформалап өзгерте алмадым -деп өкінішке толы сырын айтыпты. Ал президенттің кеңесшісі: - “Мен оның пікірімен келісемін” -деп мәлімдеді.
Ермұхамет мырзаның пікірінше, судьялардың табысы жағынан келгенде, Қазақстан, іс-жүзінде, мүмкін емес шараны жүзеге асырған: қазақ судьяларының орташа айлық жалақысы бүкіл ТМД кеңістігіндегі ең жоғарғы деңгейге көтерілген. Сондықтан да, деп мәлімдеді ҚР-сы президентінің кеңесшісі Е.Ертісбаев, шаруашылық дау-дамайларға қатысты істерді қарағандағы судьялардың “қара қылды қақ жарған” әділ үкім шығарған әрекеттерінен көптеген мысал келтіруге болады. Алайда, онымен бірге, судьялардың барып-тұрған жауапсыздықтары мен заңсыздықтарынан, заңдарды өрескел бұзған, аяусыз аяққа таптаған іс-әрекеттерінен де мысалдар шаш етектен келеді.
Демек, президенттің кеңесшісі Е.Ертісбаевтың осы сөздерінен қорытынды жасайтын болсақ, онда бұл елдегі сот жүйесінің асқынған барлық проблемасы – айлық-жалақыға қарап тұрған жоқ. Мәселе, ендеше, басқада жатқан тәрізді...
Соңғы 5-6 жылдың бедерінде Қазақстанның сот жүйесіне елдегі саяси оппозицияға қоса, адам құқықтары бойынша халықаралық ұйымдардың және Батыстағы стратегиялық әріптестерінің наразылығы да арта түсуде. Оның ең басты сыры: Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты З.Батталова мәлімдегендей, оппозицияға қарсы күресінде, Қазақстан билігінің өзі сот жүйесін шексіз қолданып отыр.
Сенатор З.Батталованың бұл пікірін растайтын мысалдар Қазақстанда жетіп артылатын көрінеді және мысалдардың дені “Жұмысшы қозғалысының” жетекшісі М.Ысмайыловтан бастау алады: 1996/97 жылы ол президенттің ар-намысына нұқсан келтірді деген айыппен сотталып, түрмеге жабылды. Бірақ онымен шектелмей, 1999-ыншы жылғы кезектен тыс президент және кезекті парламент сайлауы қарсаңында, оппозиция өкілдерінің бір тобын сайлаудан аластату мақсатында, “қоғамдық тәртіпті бұзды” деген желеумен сот үкімі арқылы әкімшілік жауапқа тартуға, одан кейін бұрынғы премьер-министр әрі оппозицияның осы күні шетелде бас сауғалап жүрген жетекшісі Ә.Қажыгелдинге сырттай сот үкімін шығаруға, оппозицияның тағы 2 жетекшісі Ғ.Жақиянов пен М.Әбіләзовті, тәуелсіз журналист С.Дувановты және, ең соңғы мысал, республикалық халық партиясы жетекшілерінің бірі Ә.Қосановты салық төлеуден жалтарды деген айыппен 1 жыл мерзімге шартты түрде жазалайтын сот үкімін шығаруға, ең алдымен, Қазақстандағы ресми биліктің өзі мүдделі болған көрінеді. Міне сондықтан да, Қазақстан президентінің жоғарыда Е.Ертісбаев келтірген “өкініш сезімін” екі мағынада қабылдауға болады. Мысалға, сенатор З.Батталова Н.Назарбаевтың әлгі өкініш сезіміне онша сенбейді, Қазақстан билігі сот жүйесін дәл қазір реформалауға мүдделі емес деп есептейді.
Зәуреш ханымның мәлімдеуінше, Қазақстандағы сот жүйесі жоғарғы және жергілікті саяси биліктің “тапсырысын” мүлтіксіз орындап келеді. Демек, қорытындылайды өз ойын сенатор З.Батталова, сот жүйесін бұзып отырған ресми Астананың өзі.