Қазіргі таңда жастардың алдында қылыштың жүзі мен найзаның ұшынан өткір өмірлік маңызды сындар бар.
Нарықтық экономика заңдылықтарының терең тамырлануына байланысты қазақстандық жастар алдында сапалы білім алу мәселесі өткір тұр. Нақты дерек көздерінің мәліметіне қарағанда бүгінгі таңда ҚР жас азаматтарының кәсіби-білім алу жағдайын 730-ға жуық оқу орны жүзеге асырып отыр.
Білім алған жастар алдында жоғарғы білімге ие болғаннан кейін, таңдаған мамандығы бойынша қызмет істеу міндеті тұрады. Алайда бұл таңдау бүгінде жүзеге асып жатыр ма? Мемлекет тарапынан осы салада біршама кепілдіктердің берілгендігі туралы бір қатар актілерде баяндалған. Мәселен ҚР Президентінің 1999 жылдың 28 тамызындағы 73-өкімімен бекітілген ҚР–ның жастар саясаты туралы тұжырымдамасының ІҮ бөлімінің 2-тармағы мемлекет күш-жігерін біліммен, еңбекпен және жұмыспен қамту саласында кепілдік беруге бағыттайды деп басталады. Қазіргі таңда мемлекет бұл салаға өзінің күш-жігерін қандайлық дәрежеде жұмсап отыр? Білім алған Қазақстан жастары бүгінде қандай қиыншылықтармен бетпе-бет келіп отыр? Біздер осы хабарды даярлау барысында білім алып әр салада еңбек етіп жүрген жастарды әңгімеге тарттық.
Сөз кезегін алған Айбек Қуанышев есімді азаматтың пікіріне қарағанда жастар мемлекет тарапынан ешқандай көмек жәрдем күтпеуі тиіс. Кез-келген жасқа жағдай жасауға, оған жұмыс тауып беруге мемлекет міндетті емес дегенді айтты.
- Қазір жастарға мүмкіншілік өте көп. Кез келген жұмыс беру агенттіктерінде жастарға сұраныс көп. Мен жас-кәрі деп бөлмеймін. Мен адамдарды маман деп қана бөлгім келеді. Біздің мемлекетте адамдар қазір функция ретінде ғана керек болып отыр. Мемлекет тарапынан қолдау дегенді түсінбеймін. Мемлекет мемлекеттік гранттармен жұмыс істейтін жастарды қолдауға міндетті. Кез келген жасқа жұмыс тауып беруге мемлекет міндетті емес. Әркім өзіне-өзі көмектесуі керек. Мемлекетте екі-ақ кемшілік болуы мүмкін. Мысалы, бір адам болады ол өз ісін білмейді бірақ корупционер емес. Екінші бір адам ол өз кәсібін жақсы біледі бірақ корупционер болуы мүмкін. Әркім өз ісінің шебері болуы және ол коррупционер болмаса мемлекет дамиды. Мемлекеттің дамуы - деген әркім өз ісінің шебері болуы. Жақсы адам деген профессия емес. Біз жұмыста жақсы адамдар ұстауға міндетті емеспіз жақсы мамандар ұстауға міндеттіміз. Кім өз ісін білмейді оларды жұмыстан қуу керек.
Білім саласында ұзақ жылдар қызмет жасаған Сара Ахметқызы Қазақстандағы ақылы оқу орындарының көптеп ашылуы білімсіз қазақ жастарының көбеюіне мұрындық болып отыр дейді.
- Жастардың білімі туралы аз айтуға да көп айтуға да болады. Әйтседе қазіргі ақылы оқу орындары жастардың білімінің төмендеуіне, көп адамдардың керек емес жерлерде жүруіне жол салды. Қолында барлық қазіргі кезде қоншынан бастырып тұр. Өзінің қабілетіне қарамастан алға ұмтылушылық көп. Өз деңгейінде жетпей жатсада қазіргі қоғамның тұралап жатуының өзі әркімнің қолынан келмейтін іске ұмтылуынан деп ойлаймын дейді ол.