Дүйсенбі күні ҚР президенті Н.Назарбаев Балқаш қаласына келіп, Қазақмыс корпорациясының нысандарын аралаған.

Сондай-ақ , президент Балқаш түсті металл өндірістік бірлестігінде болып, зергерлік цехының жұмысымен танысқан, мырыш зауытының ашылу салтанатына қатысқан. Зауытта 420 жұмыс орны ашылған. Одан кейін Назарбаев Жезқазған қаласына аттанған.