Ирақ астанасы Бағдадта, дүйсенбі күнгі бомбы шабуылдары кезіде кемінде 35 адам қаза тауып, 200ден астам кісі түрлі жарақат алды.

4 полиция бөліміне және Қызыл крест комитетіне жасалған шабуылдарға бәрі болып 45 минөт уақыт кеткен. АҚШтық генерал Хертліңнің айтуынша, 5 шабуыл өзара үйлестіріліп жасалған. Қылмыскерді атып өлтірген полиция сақшысының айтуынша, шабуылшының біреуінде Сирия паспорты болған, - дейді генерал. АҚШ президенті Буш, ондай шабуылдарға қарамай, АҚШ Ирақтағы өз жолынан кері қайтпайды, деген. БҰҰ бас хатшысы Кофи Аннанның айтуынша, Халықаралық қызыл крест комитетіне жасалған бұл бомбы шабуылы - адамзатқа қарсы қылмыс. Ақ үйлік өкіл Скот МкКлеллан: - Қылмыскерлер мұндай әрекеттерімен бізді қорқытпақ болады. Бірақ ол ойлары іске аса қоймас. Біз Ирақ халқына үміт дарытып, бейбітшіліктің салтанат құратындығына сендіреміз. Бірақ, Ресей сыртқы істре министрлігі бұл шабуылдар әкімшілік биліктің тезірек Ирақтың өз үкіметіне берілуі қажет екендігін көрсетіп отыр, деген.