Оңтүстік Корейдің сыртқы істер министрі Юн Юң Хванның айтуынша, осы аптада Пхеньянда болатын Қытай делегациясы тығырыққа тірелген іске қозғау салар. Тамыз айында қос Корей елі мен қоса АҚШ, Қытай, Ресей және Жапонияның қатысуымен өткен келіссөздердің бірінші кезеңі еш нәтижесіз аяқталды. АҚШ Пхеньянға ядролық бағдарламаны әрі қарай дамытудан бас тартар болса, оның орнына қауіпсіздік кепілдемесін беруде.