Калифорнияның оңтүстігіндегі алапат орман өрттері 18 адамның өмірін әкетті.

Тілсіз жау 2 мыңнан аса үйді жалмаған. 240 мың гектардың аумағы өртенген. Калифорния тарихында бұрын- соңды бұндай табиғат апаты болып көрмеген. Өртті сөндіру мен оның келтірген зияанын өтеу 2 миллиард долларға жетуі мүмкін, бұл онсыз да штаттың экономикалық ауыр жағдайын ауырлата түседі.