“Алматы – Бейбітшілік үйі” атты қоғамдық бірлестік осы кезге шейінгі атқарылған жұмыстарының қорытындысын жасады
“Алматы – Бейбітшілік үйі” атты қоғамдық бірлестік Қазақстандағы шығармашылық ұйымдарының басын біріктіретін алғашқы мемлекеттік емес ұйым болып табылады. Аталмыш ұйым 11 қыркүйекте Нью-Йорк қаласындағы орын алған қайғылы оқиғадан кейін құрылған болатын.
Сәрсенбі күні “Анкара” қонақ үйінде “Алматы – Бейбітшілік үйі” атты қоғамдық бірлестіктің мүшелері бас қосып, осы кезге шейінгі атқарылған істердің қорытындысын жасап, алдағы уақытта атқарылуға тиіс жұмыс жоспарымен таныстырып өтті.
Дина Досполова, “Алматы – Бейбітшілік үйі” қоғамдық бірлестігінің үйлестірушісі. 2002 жылдың ішінде шығармашылық адамдардың көптеген кештері ұйымдастырылды. Өткізілген кештерге қырықтан астам өнер адамдары қатысып, өз ойларын ортаға салды. Біз өзіміздің соғысқа қарсы екендігімізді және 11 қыркүйекте Америкада орын алған терроризмге наразылығымызды білдіру мақсатындағы шараларымызды өткізу үшін осы бірлестікті құрдық. Өйткені бұл оқиға дүниежүзінің адамдарымен бірге біздің де жанымызды түршіктірді.
Камил Муллашев, суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Біз қазір суретшілер, музыканттар, ақындар бірігіп осындай бір бірлестік құрдық. Қазіргі жағдайда әр суретші, әр музыкант өзінше өмір сүріп кетті ғой. Енді біз солардың басын қосып, өнеріміз арқылы танылайық деген мақсатымыз бар. Бүгінгі таңда қаржылық мүмкіншілігі мол мекемелермен байланыс жасап, солардың көмегінің арқасында шығармашылық адамдарына қолұшын созып жатырмыз. Біздің басты мақсатымыз өнерді өмірге тереңірек сіңіру болып табылады. Өзің білесің, мәдениет министрлігі де үкімет те өнер адамдарына аса үлкен қолдау жасай алмай жатыр ғой. Сондықтан да біз өзіміздің қамымызды өзіміз ойлауымыз керек. Сол мақсатта біз байланысымызды нығайтып, өнерді өмірге кеңірек енгізуді көздеп отырмыз. Әртүрлі мекемелер бізге қаржылық жағынан көмек те көрсетіп жатыр.
Еркін Мырзағалиев, музыкатанушы. Өнердің адамдарына қолымыздан келгенше көмек көрсете аламыз. Қалада біздің әр түрлі салондарымыз бар. Сол салонда өнер адамдары өз шығармаларын насихаттап, таныта алады. Осы қоғамдық бірлестікте тек қана музыканттар емес, сонымен қатар жас суретшілер, жас ақындар да бар. Олардың бәрі де осында жиналады. Бұл өте жақсы үрдіс. Неге десеңіз кешегі Кеңес үкіметі кезінде әр Одақ өзінің жұмысымен ғана шектеліп қалатын да, өнер адамдарының арасында шығармашылық байланыс болмайтын. Қоғамдық бірлестік осы олқылықтың орнын да толтырып отыр.