Бүгін Оңтүстік Корейдің әскери кемесі өз суларына Солтүстік Корейдің күзетуші катерінің кіруіне байланысты ескерту жасап оқ атты.

Оңтүстік Корейдің әскери басшылығының хабарлауынша, шекара бұзушы кеме кері бұрылған. Солтүстік Корей әліге дейін Оңтүстік Кореймен 1950-1953-ші жылдары белгіленген теңіздегі шекараны мойындамайды.