Ресей президенті әкімшілігіне жаңа басшы келді

Ресей президентінің әкімшілігінің жаңа жетекшісі Дмитрий Медведев жексенбі күні теле дидар арқылы , ЮКОС компаниясының ісін зерттеп жатқан заң құқық орындары өз іс-әрекеттеріне аса жауапкершілікпен қараулары тиіс, деп мәлімдеді. Медведевтің ескерткеніндей, Бас прокуратураның байқамай жасаған қадамы Ресей экономикасы мен саяси жағдайына аса ауыр кесір болып тиуі мүмкін. Сондай-ақ, Ресей сыртқы істер министрі Игорь Иванов ЮКОС төңірегінде білдірген теріс көзғарастары үшін АҚШ ты сынап өткен. Бұл тірліктері арқылы АҚШ Ресейдің ішкі істеріне араласуда, деген Ресей сыртқы істер министрі.