Голландия прокуратурасы: Гаагадағы Түркия елшілігі ғимаратында болған өрттің террористік қастандықтармен немесе қайсыбір саясатпен ешбір байланысы жоқ.

ГААГА: Сейсенбі күні Гаагадағы Түркия елшілігі ғимаратында болған өрттің террористік қастандықтармен немесе қайсыбір саясатпен ешбір байланысы жоқ. Сол күні-ақ Голландия прокуратурасының өкілдері осылай деп мәлімдеді. Елшілікте бұрқ еткен өрттің салдарынан 5 адам жеңіл жарақат алды. Полиция оған қатысы бар деген күдікпен 16 жастағы бозбаланы ұстады.