Алматыда 6-8-інші қараша аралығында “Sport-Ехpо Central Asia-2003” немесе “Спорт және Демалыс” деген атаумен 1-інші ортаазилық халықаралық көрме өтеді.

АЛМАТЫ: 6-8-інші қараша аралығында Алматыда “Sport-Ехpо Central Asia-2003” немесе “Спорт және Демалыс” деген атаумен 1-інші ортаазилық халықаралық көрме өтеді. Оған әлемнің 9 елінен келген 45 компания қатысып, қысқы және жазғы спорт түрлері мен белсенді демалысқа қажетті жабдықтар, құрал-сайман, киім-кешектің ең соңғы да үздік үлгілері қойылмақ. Сәрсенбі күні Алматыда өткен баспасөз-маслихатында осы жөнінде хабарлаған ҚР-сының спорт және туризм Агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Бақытбек Тәжібайдың мәлімдеуінше, Алматыда Олимпиадашыларды дайындаудың республикалық Орталығы және суға қарғитын мінбері бар 50 метрлік жабық су айдыны салынбақ.