Бүгін Ресей елбасы Владимир Путин Римде өтіп жатқан Еуропа одағы мен Ресей арасындағы саммитке қатысуда.

Күн тәртібіндегі мәселелер қатарында ішкі және сыртқы қауіпсіздік сауалдары, экономика, ғылым, зерттеу және оқу-ағарту салаларындағы әріптестік жайы талқылануда. Кеше сөйлеген сөзінде Путин мырза: -Римде ашылатын Еуропа одағы мен Ресей арасындағы жоғарғы дәрежедегі кездесу екі жақтың бір-бірімен жақындасуындағы стратегиялық мәселелерді шешуде маңызды қадам болмақшы-, деген еді. Еуропа одағы ресми тұлғаларының бірі Ресей қаржы алпауыты Ходорковскийдің тұтқындалуы Ресейдің өз ішкі мәселесі деген пікір білдірген болатын. Дей тұрғанмен, бұл сауал кездесу барысында көтерілуі мүмкін дейді Франс пресс ақпарат агенттігі.