СИНГАПУР: Бүгін ҚР-сының президенті Н.Назарбаевтың Сенгапурға 4 күндік мемлекеттік сапары басталды. Қазақ ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сапар бағдарламасына сәйкес, бүгін Н.Назарбаевтың Сингапур президенті Селлапан Рама Натанмен ресми кездесуі және екі ел арасындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша, өзара бетпе-бет келіссөздері жоспарланып отыр. Осы күні Қазақстан Елбасы, сондай-ақ, Сингапурдың премьер-министрі Го Чок Тонгпен жүздесіп, қазақ делегациясымен бірге Сингапур қаласының көрнекі жерлерін аралайды. Кешкісін президент Селлапан Рама Натан қазақ лидерінің құрметіне салтанатты қонақасын береді. Қазақстан президентінің сапары 10-ыншы қарашаға дейін жалғасады.