Ол Иран келесі аптада атом агенттігіне өзінің ядролық орындарын қарауға мүмкіндік беретін жане даулы болып тұрған уранды байыту бағдарламасын тоқтататындығын жариялайтын екі хат тапсыратын болды деп мәлімдеген. Мохаммед Ел-Барадей бұны кеше Венада Иранның ұлттық қауіпсіздік басшысы Хассан Роуанимен кездесуден соң айтқан.
Ел-Барадей бұл екеуін де құптарлық оң қадамдар деп бағалады. АҚШ-ы Иран мемлекетін ядролық қаруды құпия жағдайда дамытып отыр деп айыптайды. Халықаралық атом энергиясы агенттігінің басшысы бұл тұрғыдағы хабарламаны қарашаның 20-да жасайтын болады. Агенттік Иран Халықаралық ядролық қару таратпау жөніндегі келісім шарттарын орындамай отыр деп шешім қабылдайтын болса, онда ол БҰҰ-ң Иранға қарсы шектеулер салуына соқтырар еді.