Израильдің қауіпсіздік күштері палестиндік экстремисті Иордан өзенінің Батыс жағалауынан Һаза аймағына күштеп шығарып жіберді.

ТАЯУ ШЫҒЫС: Израильдің қауіпсіздік күштері палестиндік экстремисті Иордан өзенінің Батыс жағалауынан Һаза аймағына күштеп шығарып жіберді. 26 жастағы Камал Ыдырыс – Хеврон қаласының маңайында израильдіктерге қарсы жасалған шабуылды ұйымдастырған қарулы топтың мүшесі көрінеді. Палестиндіктер мен халықаралық адам құқын қорғаушы ұйымдар Израильдің ол әрекетін халықаралық құқықты бұзу деп есептейді.