Қазақ үкіметінің сейсенбідегі отырысында үш мәселе қаралды.

Қарашаның 11-і күні Қазақстан премьер-министрі Даниал Ахметовтың төрағалығымен Үкіметтің кезекті отырысы өтіп, күн тәртібінде үш мәселе – Қазақстан Кедендік бақылау агенттігінің сыртқы экономикалық сауданың кедендік статистика мәліметтерін жүргізуін ұйымдастыру мен жариялау, Мәжіліске ұсынылатын заң жобалары және Қазақстан мен Ресей шекарасын делимитациялауға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.