Миллер онда сөйлеген сөзінде, Ирақтағы поляк әскерінің мақсаты- ирақтықтарға үміт пен азаттық әкелу деп айтқан. Сонымен қатар, ол терроризм бүкіл әлемге қауіп төндіріп тұрған осы заматта біз үйде отырып қала алмаймыз деген.
Миллер сондай-ақ, польша әскері Ирақтың қайта құрылуына көмектесіп, тезірек Ирақтың жаңа басшылығы қалыптасып, елдін қауіпсіздігін өз жауапкершілігіне алған соң үйлеріне қайтатынын айтты.