Қарағанды обылысында болған жол-көлік апатынан алты адам қаза тауып, он адам зардап шекті.

Қарағанды – Саран күре жолы бойында, Ақтас кентіне қарай бұрылыста, қарашаның 11інде Сиетра жолаушылар автобусы мен Мерседес шағын автобуысы соқтығысқан. Қарағанды обылыстық жол полициясы басқармасынан хабарланғанындай, жол-көлік апаты салдарынан оқиға болған жерде 4 адам қаза болып, тағы екі адам ауруханада қайтыс болған. Он кісі түрлі жарақат пен ауруханаға түскен. Алғашқы мәліметке қарағанда шағын автобус жүргізушісі көк тайғақта рульге ие бола алмаған.