Қазақ ақпарат тілшісінің хабарлауынша, “Сеул” әуежайында Қазақ елбасын Қазақстанның Корея Республикасындағы елшісі Болат Нұрғалиев, Корей Республикасы сыртқы істер вице-министрі Ким Дже Соп, Кореяның Қазақстандағы елшісі Тэ Сок Вон және басқа да ресми адамдар күтіп алған. Қазақстан президентінің ресми кездесулері қарашаның 13-де басталады.