Нассирияда болған бомбалық жарылыс және Иракта тұрған Италия күштері

  • Нұрлытай ҮРКİМБАЙ
Нассирияда болған бомбалық жарылыс Ирақта тұрған Италия күштеріне сынақ ретінде жүзеге асқандай. Бұл оқиғаға орай Италия өкімет басшысы арнайы мәлімдеме жасады.
Ирақтың солтүстігіндегі Нассирия қаласында болған бомбалық шабуыл Италия әскери күштеріне жасалған ескертудей. Бұдан сәл ғана бұрын аталған әскери-полициялық базаның кіреберісіне жүк машинасы келіп соқтығысып, оның ізін ала бір автокөлік жүріп отырған еді. Тілшілердің хабарларына қарағанда, әлгі көлік жарылысынан өзге де көліктердің күлі көкке ұшып, айнала қара түтінге бөленген.

Ресми мәліметтерге қарағанда, 15 италияндық және сегіз ирақтықтардың өмірлері оққа ұшқан екен. Бұл жарылыс- АҚШ-тың бастауындағы коалицияға қосымша тағы бір ел өкіметінің көмектесу жөнінде жасаған шешімін сынаққа салғандай әрекет болып отыр. Италия елі Ирақты қайта қалпына келтіру ісінде Құрама Шттары басшылығындағы коалицияға көмектесуді жөн көргені белгілі. АҚШ әскерилеріне қарсы шабуылдар мен БҰҰ және халықаралық қайырымдылық көмек ұйымдары ғимараттары мен Британия әскерилеріне қарсы күрестерден кейін, ендігі кезек Италия күштеріне келіп жеткендей-, дейді Азаттық радиосының тілшілері.

Италия ресми өкілдері бұл жаңалықтарды алғаш естігенде қатты аңтарылыста және ашу-ыза құшағында болған-ды. Италияның Ирақтағы арнайы өкілі Антонио Армиллини Бағдатта сөйлеген сөзінде. “Бұл дөрекі шабуыл болды. Біздің адамдар Ираққа бейбітшілік пен тұрақтылық орнату үшін келген еді. Ендеше бұл шабуылдар соғыс пен бай-берекеттіктерді жақтау боп табылады. Аталған шабуылдар тәуелсіздік пен демократияға қарсылық. Сондай-ақ коалицияның мүшесі ретінде Ираққа келгендегі біздің барлық мақсаттарымызға қарсылық боп табылады-, деді Армилини мырза.

Римде Италия өкімет басшысы Сильвио Берлускони арнайы мәлімдеме таратып, онда ол аталған бомбалық шабуылдардың өз елін Ирақтағы мақсаттарын орындаудан кері шегіндіре алмайды-, деген еді. Наурыз айында Ираққа бағытталған коалиция соғысына қарсы Италияда өте пәрменді шерулер өткен болатын. Ал, кеше Берлускони мырза тіпті осындай бомбалық шабуылдар тұсында да бірлесе білейік-, деп италия халқына үндеу тастады. Италияның оппозиция басшылары әскери жасақтарды Ирақ жеріне тез арада шығарып әкетуге Берлускониді шақырды. Бұдан бұрын да Берлусконидің Ираққа коалициялық күштердің бір бөлігі ретінде әскер жасағын жіберу жөніндегі шешімін оппозиция басшылары қатты сынаған болатын. Ирақтың оңтүстігінде орналасқан Британияның басшылығындағы көп ұлтты жасақ құрамында қазіргі кезде екі мың 300-дей Италия әскерилері тұр. Наурыз, көкек айларындағы соғыстан бергі аралықта Нассириа аймағы біршама тыныштықта еді. Бұл шабуылдар сыртында Саддам Хусейнге бүйрегі бұратын топтар тұр-, дейді Италия ресми өкілдері. Тамыздың 19-да БҰҰ-ның Бағдаттағы бас пәтеріне жасалған шабуылдан кейінгі ең ірі шабуыл осы Нассирияда орын алып отыр.