АҚШ елбасы Джордж Буш " Әл-Арабия" телеарнасы таратқан Ирақтың бұрынғы билеушісі Саддам Хусейннің дауысы болуы керек үндеуді "насихат" деп атады.

Американ елбасы, АҚШ Ирақтан американдық қосындардың алдына қойылған мақсат іске асырылмай кетпейді деді. "Әл-Арабия" таратқан ундеу ирақтықтарға АҚШ пен оның одақтастарының Ирақтан кетірілуі үшін қарсылықты еселей түсуіне шақырады. Кеше Бағдатта Ирақтағы АҚШ әкімшілігінің басшысы Пол Бремер, Ирақ жауынгерлері стратегиялық қауіп төндірмейді деді.